06.07.2026 19:45
Қазақ Қазақ
USD 472.03
EUR 540.29
RUB 6.11
Жаңалықтар

Жол апатына кінәлі деп танылған азамат темір торға тоғытылмақ

  • 20 февраля, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 13

Жол апатына кінәлі деп танылған азамат темір торға тоғытылмақ. Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша арнайы сотында адам өліміне әкелген жазатайым оқиғаға қатысты іс қаралды. Айта кетейік, осыдан екі ай бұрын облыстағы тас жолдардың бірінде ерлі-зайыптылар жол көлік апатына түсіп, қайтыс болған еді. Осы уақыт аралығында апатқа кінәлі деп танылған сотталушы соқтығысудан кейін денсаулығын дұрыстап, жәбірленушілерге өтемақы да төлеген. Бірақ, оған қарамастан сот оның әрекетін аса ауыр деп бағалап, бас бостандығынан айыру жазасына кесті.