«Құстарға қамқор болайық»! Лисаков тұрғындары қанаттылардың қамын жасауға кірісті
«Құстарға қамқор болайық»! Лисаков тұрғындары қанаттылардың қамын жасауға кірісті. Барша белсенді жандар ауқымды экологиялық жобаны қолға алды. Олар тұмсықтыларға жем салғыштар орнатып, аз-кем азықпен қамтамасыз етуде. Барлығына бастамашы болған 9 сынып оқушысы Арина Ленц. Ол ұтып алған қаражатының барлығын игі іске жұмсап, қамқор жандардын басын біріктірген.