Лисаков қаласындағы мектептердің бірінде STEM технологиялары қолданыла басталды
Лисаков қаласындағы мектептердің бірінде STEM технологиялары қолданыла басталды. Соның арқасында білім ордасы байқауға қатысып, жарты миллион теңге грант ұтып алған. Бұл қаражатқа жеңімпаздар оқу үдерісінде қолданылатын 3D принтерін сатып алды. Сонымен қатар, грант аясында мектепте бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Алғашқылардың бірі – балалардың ата-аналарымен бірге жасаған роботтар көрмесі.