Қостанай облысы автокөлік өндірісі бойынша елімізде жетекші орындардың бірінде
Қостанай облысы автокөлік өндірісі бойынша елімізде жетекші орындардың бірінде. Соңғы екі жылда сала айтарлықтай қарқын алып, жаңа белестерді бағындырып келеді. Биылғы жылдың ең үлкен жаңалығы — Киа зауытының салынуы. Бұл ірі жоба құрылысы келер жылы аяқталып, еліміздің автомобиль өнеркәсібін жаңа деңгейге көтермек.Ал жеңіл автокөлік құрастырып отырған Аллюр зауыты тағы да қосымша автоматтандырылған цехын іске қосты. Бұл жаңашылдық өндіріс тиімділігін арттырып, отандық көліктердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Қостанай облысы автомобиль өнеркәсібі саласында тек елімізде емес, халықаралық деңгейде де бәсекеге қабілетті болуға бағытталған ауқымды қадамдар жасауда.