Президент тапсырмасына орай ҚР Қорғаныс министрлігі азаматтардың мерзімді әскери қызметін өтеуге деген ынтасын арттыру мақсатында жаңа жобаларды қолға алуда
Президент тапсырмасына орай ҚР Қорғаныс министрлігі азаматтардың мерзімді әскери қызметін өтеуге деген ынтасын арттыру мақсатында жаңа жобаларды қолға алуда. Соның бірі — әскери қызметін өткерген барлық азаматтарға жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беру болып табылады. Лисаковтық Данила Стецюк Отан алдындағы әскери борышын абыроймен өтеп келіп, Алматы қаласындағы «Халықаралық білім беру корпорациясында» тегін білім алуға грант алған.