09.07.2026 11:08
Қазақ Қазақ
USD 467.98
EUR 533.87
RUB 6.11
Жаңалықтар

Әулиекөл ауданы Новонежин ауылында мектеп ғимаратының қабырғасы опырылып түсті

  • 11 сентября, 2024
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 21

Әулиекөл ауданы Новонежин ауылында мектеп ғимаратының қабырғасы опырылып түсті. Оқиға 7 қыркүйек күні орын алған. Бұл уақытта нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан екен. Белгілі болғандай, мердігер аудандық білім бөліміне ғимараттың қабырғалары мен плиталары жайында бірнеше ескерту жасаған. Бүгінде оқиға орнында техникалық тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сараптама нәтижесі шыққан соң, мектептің күйі белгілі болады.