Қостанай сотында абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған, жүк көлігін басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы іс қаралды
Қостанай сотында абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған, жүк көлігін басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы іс қаралды. Жеңіл автомобиль мен Камаздың соқтығысуы осы жылдың ақпан айында болған, онда зардап шеккен адамдардың бірі екі айдан кейін ауруханада қайтыс болды. Ал қазір жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты сот шешімі қабылданды.