Қостанай қаласында ақауға толы көпқабатты үй тұрғындары көмек сұрауда
Қостанай қаласында ақауға толы көпқабатты үй тұрғындары көмек сұрауда. Береке шағын ауданында биыл ғана қолданысқа берілген 5 қабатты баспананың жөртелесі суға толып, қабырғалары көгеруде. Тұрғындардың жан айқайын қала әкімі өзі барып тыңдап қайтты. Кездесу барысында ол жауапты мердігерге туындаған мәселелерді тез арада реттеуді жүктеді. Әріптесім Дәуіт Байғоныс мәселенің анық-қанығын біліп қайтты.