Жітіқара ауданында 27 жылға жуық уақыт пайдаланылмаған бұрынғы емхананың ғимараты қайта ашылды
Жітіқара ауданында 27 жылға жуық уақыт пайдаланылмаған бұрынғы емхананың ғимараты қайта ашылды. Сонымен қатар жыл соңына дейін аудандық аурухана базасында өңіраралық көпбейінді медициналық мекеме құру жоспарланып отыр. Қазір қосымша ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Онда заманауи әрі қымбат медициналық жабдықтар орнатылады. Жаңа аурухана шамамен 70 мың тұрғынға медициналық қызмет көрсететін болады.



