Лисаков қаласында қараусыз қалған ғимаратқа екінші өмір сыйлау туралы шешім қабылданды
Өңірлерді дамыту — бұл тек жаңа тұрғын үйлер мен тұтас шағынаудандар салу ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарына қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Лисаков қаласында 13 жыл бойы құрылысы аяқталмай, қараусыз қалған ғимаратқа екінші өмір сыйлау туралы шешім қабылданды. Енді мұнда балалар мен жастарға арналған заманауи орталық ашу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде нысанда құрылыс жұмыстары басталды.



