Қостанайда әуе жолаушыларының төлқұжат тексеру уақыты екі минуттан отыз секундқа дейін қысқарды
Қостанайда әуе жолаушыларының төлқұжат тексеру уақыты екі минуттан отыз секундқа дейін қысқарды. Қарашадан бері тиімді жұмыс істеп келе жатқан жаңа жүйе кезекті азайтып, шекарадан өтуді әлдеқайда тездетті. Алдағы уақытта әуежайдың кеңейтілуі де күтілуде- жаңа халықаралық терминал салынып, қақпалар көбеймек, сондай-ақ Хайнань мен Ыстамбұлға тікелей әуе рейстері ашылады. Мамандар бұл жүйенің тиімділігін алға тартады.



