Қостанай облысында мал арасында бруцеллез ауруының азайғаны байқалады
Қостанай облысында мал арасында бруцеллез ауруының азайғаны байқалады. 2024 жылдан бастап өңірде бұл инфекцияға бейім мал басына кезең-кезеңімен вакцинация жүргізіліп келеді. Ветеринария басқармасының мәліметінше, оның нәтижесі зертханалық зерттеулер қорытындысынан да көрініс табуда. Биыл жыл басынан бері ірі және ұсақ қара малдың бруцеллезбен ауырған 1130-ға жуық басы анықталған. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 500 бастан астамға аз.



