Денисов ауданында мақтан тұтар спортшылар аз емес
Спорт — біріктіріп, жігерді шыңдайтын, үлкен жеңістерге жол ашатын сала. Денисов ауданында мақтан тұтар спортшылар аз емес. Олар түрлі деңгейдегі жарыстарда топ жарып, жүлделі орындарға ие болып, туған өлкенің абыройын асқақтатып жүр. Спортшылардың жетістіктерін ұлықтау мақсатында ауданда салтанатты марапаттау рәсімі өтті.



