Қостанай облысының тас жолдарының бірінде адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болды
Қостанай облысының тас жолдарының бірінде адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болды. Қараңғы уақытта жүк көлігі велосипедшіні қағып кеткен. Қайғылы оқиға Дүниежүзілік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күні қарсаңында орын алды. Осы атаулы күннің қарсаңында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтауға бағытталған профилактикалық рейдтер мен акциялар өткізді.



