Қисынға келмейтін, тілге ауыр сөздердің мәселесін Мемлекет басшысы «Қазақ тілі» қоғамының X құрылтайында көтерді
Күйсандық, қылтима, себезгі, үнқағаз! Осы сөздерді бұрын-сонды естіп пе едіңіз? Бұл өзге тілден енген сөздердің жасанды аудармасының бір парасы ғана. Қисынға келмейтін, тілге ауыр сөздердің мәселесін Мемлекет басшысы «Қазақ тілі» қоғамының X құрылтайында көтерді. Президент терминдерді біріздендіру, сапалы сөздіктерді әзірлеуге жеке тоқталды.



