Тобыл өзенінің жағдайын мамандар жыл бойы бақылауда ұстайды
Тобыл өзенінің жағдайын мамандар жыл бойы бақылауда ұстайды. Өйткені су ресурстарының сапасы өңірдегі экологиялық ахуалға ғана емес, тұрғындардың әл-ауқатына да тікелей әсер етеді. Экология департаментінің қызметкерлері өзенге тұрақты түрде барып, су сынамаларын алып, зертханада тексереді. Бұл жолы мамандар бірнеше көрсеткішке, соның ішінде су құрамындағы оттегі мен мұнай өнімдерінің мөлшеріне назар аударды.



