Лисаков қаласында суық мезгілде болуы мүмкін төтенше жағдайларға қаланың дайындығы тексерілді
Қыс мезгілі — төтенше жағдайлар қызметтерінің үйлесімді жұмысы адам қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін кезең. Лисаков қаласында суық мезгілде болуы мүмкін төтенше жағдайларға қаланың дайындығы тексерілді. Оқу-жаттығу аясында түрлі ведомстволардың жүзге жуық маманы бас қосып, күрделі ауа райы жағдайларында жұмыс істеуге дайындықтарын көрсетті. Арнайы техника мен жабдықтардың жай-күйі, ең бастысы, қызметтердің бірлесе әрі үйлесімді әрекет ету қабілеті тексерілді.



