Қант диабетіне шалдыққан науқастар үшін эндокринолог көмегі аса маңызды
Қант диабетіне шалдыққан науқастар үшін эндокринолог көмегі аса маңызды. Алайда шалғай елді мекендерде тұратын тұрғындарға бейінді маманның көмегіне жүгіну әрдайым мүмкін бола бермейді. Ал бұл дерт күнделікті бақылау мен күтімді қажет етеді.
Бүгінде Қостанай облысында қант диабетімен ауыратын ересектер мен балалардың саны 32 мыңнан асады. Мұндай науқастарға медициналық көмекті қалай дұрыс көрсету керек? Қандай талаптар мен ережелерді сақтау маңызды?



