Туған қаланы таза ұстаудың түрлі жолы бар
Туған қаланы таза ұстаудың түрлі жолы бар. Қостанайда оқушылар ағаш отырғызса, Лисаковте жастар спорт пен экологиялық тазалықты ұштастыруды жөн көрген. Ерекше жүгіру жарысына қатысушылар белгіленген қашықтықты жүгіріп қана қоймай, жол бойындағы қоқыстарды да жинады. Осылайша қалада «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық фестиваль өтті.



