Смартфон – күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі. Алайда оның пайдасымен қатар, қаупі де аз емес
Смартфон – күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі. Алайда оның пайдасымен қатар, қаупі де аз емес. Кибербуллинг, интернет-алаяқтық, бопсалау мен тыйым салынған контент. Осындай қауіптерден балаларды қорғау үшін Қостанай облысының мектептерінде профилактикалық сабақтар өтті. Оқушыларға интернетте қауіпсіз болудың жолдары түсіндірілді.



