Науқастар мемлекеттен берілетін тегін дәрілерді апталап күтуге мәжбүр
Науқастар мемлекеттен берілетін тегін дәрілерді апталап күтуге мәжбүр. Бұл еміне дауа іздеген азаматтардың қажетті көмек алуына айтарлық қиындық келтіретін анық. Тегін дәрі-дәрмекпен тиісті деңгейде қамтамасыз ету мәселесі күні кеше Қоғамдық кеңес отырысында талқыланды. Жиында қаржыландыру, дәрі-дәрмекті жеткізу мерзімі және науқастар кездесетін өзекті мәселелер сөз болды.



