Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз интернет-казинолардың қызметіне қатысты тергеуді аяқтады
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз интернет-казинолардың қызметіне қатысты тергеуді аяқтады. Еліміздің түкпір-түкпірінен ойыншылардың қаражатын қабылдау үшін көпдеңгейлі төлем инфрақұрылымы пайдаланылған. Ведомствоның мәліметінше, осы жүйе арқылы 188 миллиард теңгеден астам қаражат өткізілген. Заңсыз бизнестің қалай жұмыс істегені туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері толығырақ айтып берді.



