Кешкісін Қостанайдағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты
Кешкісін Қостанайдағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Өрт үйге жапсарлас салынған қосалқы құрылыстан басталған. Кейін жалын кіреберістердің біріндегі балкондарға тараған. Қостанайлық құтқарушылар алдыңғы күндері де шұғыл шақыртуларға бірнеше рет шыққан. Бұл туралы, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің өнеркәсіптік кәсіпорын жұмысшыларының қауіпсіздік жөніндегі білім деңгейін арттыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы «Қысқаша» айдарымыздан толығырақ біле аласыздар.



