Мемлекет басшысы өңірлер алдына экономиканың жыл сайынғы өсімін кемінде 6 пайызға жеткізу міндетін қойды
Мемлекет басшысы өңірлер алдына экономиканың жыл сайынғы өсімін кемінде 6 пайызға жеткізу міндетін қойды. Ал Қостанай облысы 2025 жылы бұл межеден асып, экономикалық өсімді 9 пайызға жеткізді. Биыл да осы көрсеткіштен төмендемеу жоспарланып отыр.Өңірде басымдық беріліп отырған негізгі сала — өңдеу өнеркәсібі. Облыс әкімі экономикалық өсім бар екенін, алайда оның қарқыны барлық ауданда бірдей емес екенін атап өтті.



