Қостанайлық тәртіп сақшылар мен жол мамандары Әуежай мен Береке шағынаудандарын байланыстыратын теміржол өткеліндегі көлік кептелісін тексерді
Қостанайлық тәртіп сақшылар мен жол мамандары Әуежай мен Береке шағынаудандарын байланыстыратын теміржол өткеліндегі көлік кептелісін тексерді. Ресми мәлімет бойынша, мұнда тәулігіне кемінде 10 мың автокөлік өтеді, ал пойыздардың өтуіне байланысты жол орта есеппен 6 минутқа жабылады. Алайда жүргізушілер бұл уақыт кейде 40 минутқа дейін созылатынын айтып шағымдануда. Жергілікті билік бұл мәселені қалай шешпек?



