Қала әкімдігіндегі аппараттық кеңесте Қостанай қаласы 5-20 жыл аралығында қалай өзгеретіндігі жайлы айтылды
Қала әкімдігіндегі аппараттық кеңесте Қостанай қаласы 5-20 жыл аралығында қалай өзгеретіндігі жайлы айтылды. Қазіргі уақытта қаланың бас жоспарына түзетулер енгізу жұмыстары жалғасуда. Ол жол инфрақұрылымын дамытуды, атап айтқанда, жол бөліктерін кеңейтуді және жуырда Досжанов пен Достық көшелерін байланыстыратын алғашқы жол өтпесін салуды көздейді. Сонымен қатар Құнай шағын ауданы ауқымды тұрғын үй құрылысына арналған аумақ ретінде белгіленді.



