Елімізде төтенше жағдайлар қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
Елімізде төтенше жағдайлар қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл – өз өмірін қатерге тігіп, өзгелердің өмірін арашалап жүрген ержүрек жандардың мейрамы. Лисаков қалалық №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушысы Ренат Қараев үшін бұл мамандық – кездейсоқ таңдау емес. Екі жылдық қызмет тәжірибесінде ол талай күрделі шақыруларға барып, кәсіби біліктілігін дәлелдеп үлгерді. Нағыз құтқарушы болу нені білдіреді?



