Қостанай маңындағы тасжолдардың бірінде көлік қозғалысының жылдамдығы шектелді
Қостанай маңындағы тасжолдардың бірінде көлік қозғалысының жылдамдығы шектелді. Бұған демалушылардың көліктерін жол жиегіне жаппай қоюы себеп. Жол бойында ретсіз тұрған автокөліктер қозғалысқа кедергі келтіріп, жол-көлік оқиғасының қаупін арттырған. Енді бұл учаскеде жүргізушілер сағатына 80 шақырымнан жоғары жылдамдықпен жүре алмайды. Осы және өзге де жаңалықтар біздің «Шолу» айдарымызда.



