Бес жыл зарықтырған Береке шағын ауданындағы жаңа мектеп те ақыры есігін ашты
Бес жыл зарықтырған Береке шағын ауданындағы жаңа мектеп те ақыры есігін ашты. Алайда 980 орындық білім ордасының қуанышы көп ұзамай күдікке ұласты – ата-аналар терезе үстіндегі үгітіліп жатқан кірпіштерді көріп дабыл қағуда. Жауаптылар бұл ақаулардың балаларға қатері жоқ екенін айтып, сыртын қаптамамен 7-10 күнде түзеуге уәде беруде. Ал кемшіліктерімен қабылданған нысандағы бүгінгі оқу процесі қалай ұйымдастырылған?



