Қостанайда жер телімдерін босату жұмыстары жалғасып жатыр
Саябақтар, мектептер, балабақшалар және жаңа жолдар — осы жобаларды жүзеге асыру үшін Қостанайда жер телімдерін босату жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін тұрғын үй және коммерциялық нысандар да сатып алынуда.Келер жылы басымдық берілетін аумақтардың қатарында Колесные ряды ауданы мен «Юбилейный» бау-бақша қоғамы бар.Алайда қостанайлықтармен келісімге келу мүмкін бола бермейді. Кейбір жер иелері ұсынылған өтемақы мөлшеріне келіспейді. Мұндай жағдайда мәселе сот тәртібімен шешіледі.



