Қазақстанда жандарға көмек көрсетуге дайын жедел желілер мен дағдарыс орталықтары жұмыс істейді
Жылдар бойы зорлық-зомбылыққа шыдап, денесіндегі соққы іздерін жасырып, бәрі бір күні өзгереді деп үміттеніп жүретіндер бар. Алайда бұл тұйық шеңберден шығуға болады. Қазақстанда зорлық-зомбылыққа тап болған жандарға көмек көрсетуге дайын жедел желілер мен дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Үйдегі зорлық-зомбылық көрсеткен адамнан кетіп, өмірін қайта бастауға бел буған Қостанай тұрғынының оқиғасы — төменде.



