Жүргізушілерге айыппұлдық баллдар жүйесін енгізу мәселесі жақын арада Құрылтайдың қарауына ұсынылуы мүмкін
Жүргізушілерге айыппұлдық баллдар жүйесін енгізу мәселесі жақын арада Құрылтайдың қарауына ұсынылуы мүмкін. Белгілі бір шекті балл жинаған жағдайда, жол ережесін жүйелі түрде бұзатын жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылады. Ішкі істер министрлігі бұған дейін де осындай бастаманы көтерген болатын. Алайда Мәжілістің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін бұл мәселені қарауға үлгермеді.Үкіметтегі брифинг барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха баллдардың нақты қандай құқық бұзушылықтар үшін есептелетінін және жүргізуші куәлігінен айыру үшін қанша балл болу керектігін айтып берді



