Кеше облыс жолдарында екі ірі жол-көлік оқиғасы болды
Кеше облыс жолдарында екі ірі жол-көлік оқиғасы болды. Олардың бірінде автобус жол жиегіндегі орға аударылып кетіп, бес адам зардап шекті. Абырой болғанда, олардың барлығы аман қалды.Ал екінші жол-көлік оқиғасында екі жүк көлігі жеңіл автокөлікті қысып қалған. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапты.Осы оқиғалардың мән-жайы мен бір апта ішінде анықталған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері туралы Қостанай қаласының полиция қызметкерлері айтып берді.



