Трейдинг арқылы алаяқтық ел тұрғындарын алдаудың кең таралған тәсіліне айналды
Трейдинг, яғни акция, валюта, криптовалюта секілді қаржылық активтерді сатып алып, қайта сату арқылы пайда табуды ұсынатын алаяқтық схема ел тұрғындарын алдаудың ең көп таралған тәсілдерінің біріне айналып отыр.Прокуратураның мәліметінше, соңғы бір жарым айдың өзінде осындай 119 жағдай тіркелген.Қылмыскерлер құрбандарды арбау үшін түрлі цифрлық құралдарды пайдаланып келеді. Сондай-ақ жарнамада танымал адамдардың аты-жөні мен бейнесін заңсыз қолданып, сенімге кіруге тырысады.



