«Olzha Agro» компаниясы «Тобыл» футбол клубының иегері атанды
«Olzha Agro» компаниясы «Тобыл» футбол клубының иегері атанды. Футбол командаларын нарықтық қатынастарға көшіру – Мемлекет басшысы жүктеген басты міндеттердің бірі. Енді жаңа құрылтайшының алға қойған негізгі мақсаты – қостанайлық спорттың әлеуетін сақтап, оны дамыту. Агрохолдинг алғашқы қадам ретінде жергілікті ойыншылардың «Қайратпен» өткен ойындағы жеңісін жоғары бағалап, сыйақы ретінде бірден 30 миллион теңге бөлді.



