Денисов ауданы тұрғындарының 96 пайызы бүгінде көгілдір отынға қол жеткізген
Денисов ауданы тұрғындарының 96 пайызы бүгінде көгілдір отынға қол жеткізген. Биыл газдандыруға қажетті жобалық шешімдерді әзірлеуге бюджеттен 11 миллион теңге бөлінді. Қазір тиісті құжаттар мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Жоспарға сәйкес, келер жылы құрылыс жұмыстары басталмақ. Бұл туралы өңір басшысының аудан тұрғындарымен кездесуіне айтылды.



