Денисов ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты
Денисов ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Перелески ауылында өңір басшысы жаңадан ашылған дәрігерлік амбулаторияға барды. Нысанның құрылысы былтыр желтоқсан айында басталып, биыл тамызда аяқталған. Мұнда науқастарды қабылдауға арналған кабинеттер, зертхана, күндізгі стационар және оңалту бөлмесі қарастырылған.



