Бұрынғы Нариман базары орналасқан аумақта болашақ мектепке апаратын жол салу үшін тағы үш жер телімін сатып алу жоспарланып отыр
Бұрынғы Нариман базары орналасқан аумақта болашақ мектепке апаратын жол салу үшін тағы үш жер телімін сатып алу жоспарланып отыр. Әңгіме тұрғын үйлер орналасқан аумақ туралы. Алайда, тұрғындар ұсынылған сомаға өз жерін сатуға келіспеуде.Ал «Колесные ряды» аумағында, керісінше, тұрғындар ұсынылған өтемақы мөлшеріне келісіп, әкімдіктің жер телімдерін сатып алуын күтіп отыр. Өйткені 2024 жылғы су тасқыны бұл аумақта тұрудың қауіпсіз емес екенін көрсетті.



