Лисаков қаласында басқарушы компаниялар тұрғын үй қорын қысқа дайындау жұмыстарын аяқтап келеді
Көппәтерлі тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау — қыс мезгілі қарсаңындағы коммуналдық қызметтердің негізгі міндеттерінің бірі. Лисаков қаласында басқарушы компаниялар тұрғын үй қорын қысқа дайындау жұмыстарын аяқтап келеді. Алайда мамандар тұрғындардың ағымдағы төлемдері барлық қажетті жұмыстарды атқаруға жеткіліксіз екенін мойындайды.Сонымен қатар кейбір мәселелер тұрғын үй иелерінің өз әрекетінен туындайды. Коммуналдық қызмет мамандары қандай жұмыстарды атқарып үлгерді және тұрғындар қандай мәселелерге өздері жауапты болуы керек? Бұл туралы сюжетте баяндалады.



