Денисов ауданында жаңа амбулатория салуға жарты миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді
Денисов ауданында жаңа амбулатория салуға жарты миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Ал Жітіқарадағы емхананы қайта жаңғыртуға тағы бір миллиардқа жуық теңге қажет болды.Екі жоба да мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды. Облыс прокуроры Марат Сексембаев аудандарға барған жұмыс сапары барысында бұл қаражаттың қалай жұмсалғанын және азаматтардың құқықтары қаншалықты сақталып отырғанын тексерді.Сондай-ақ оның назарына ірі өндіріс орнындағы қауіпсіздік мәселелері мен сотталғандарды ұстау жағдайлары да ілікті.



