Бейімбет Майлин ауданында қазақ тілін үйрену мен дамытуға арналған форум өтті
Бейімбет Майлин ауданында қазақ тілін үйрену мен дамытуға арналған форум өтті. Танымдық шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, тілді үйренуге қызығушылық танытқандарға қолдау көрсету. Форум аясында мемлекеттік қызметшілер мен кәсіпкерлерге арналған тақырыптық семинарлар ұйымдастырылды.



