Қостанай облысында жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық туралы заң толық көлемде жүзеге асырылып, өңірдегі жүздеген азаматтың тағдырына оң өзгеріс әкелді
Қостанай облысында жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық туралы заң толық көлемде жүзеге асырылып, өңірдегі жүздеген азаматтың тағдырына оң өзгеріс әкелді. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен пробация қызметінің есебінде тұрғандарды қамтыған бұл ауқымды науқан барысында жүздеген адам негізгі жазадан мерзімінен бұрын босатылды. Аталған заң тек ауыр емес және орташа ауыр қылмыстарға ғана қатысты. Ал сыбайлас жемқорлық, экстремизм және аса ауыр қылмыс жасағандар бұл рақымшылықтан тыс қалды.



