Қостанай қаласында полицейлер спорттық құрал-жабдықтың ішінен бір келіден астам марихуана анықтады
Іші тосынсыйға толы ұрғылау заты. Қостанай қаласында полицейлер спорттық құрал-жабдықтың ішінен бір келіден астам марихуана анықтады. Есірткі затын 29 жастағы жергілікті тұрғын тасымалдаған. Бұл — жыл басынан бері облыста анықталған ондаған есірткі қылмысының бірі. Осы уақыт ішінде заңсыз айналымнан 243 келі есірткі, оның ішінде синтетикалық есірткі заттары тәркіленді. Ал еліміз бойынша құқық қорғау органдары марихуана мен басқа да тыйым салынған заттарды өткізудің жолын кесіп қана қоймай, күшті әсер ететін дәрілік препараттардың заңсыз айналымына да тосқауыл қою жұмыстарын жалғастыруда.



