Қостанайда шомылу маусымы аяқталды
Қостанайда шомылу маусымы аяқталды. Биыл жазда үш мың бала су айдындарының маңында ересектердің қарауынсыз жүрген. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында қалада рейдтер ұйымдастырылғанымен, қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмады. Суда екі адам көз жұмды. Қауіпсіздікті күшейту үшін қалалық қызметтер келесі жылы жағажайда жасанды интеллект негізіндегі бейнебақылау және ескерту жүйесін орнатуды ұсынып отыр.



