Қостанай облысының тұрғынына әйелі мен өгей ұлына қатысты жасаған қылмысы үшін сот үкімі шықты
Қостанай облысының тұрғынына әйелі мен өгей ұлына қатысты жасаған қылмысы үшін сот үкімі шықты. Ол әйелінің өміріне қастандық жасап, бұған жол бермеуге тырысқан өгей ұлын өлтірген. Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Бұл жағдай жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілгенімен, қылмысты ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, оған мемлекеттік айыптаушы сұраған жазадан да ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.



