Лисаков қаласының Жастар ресурстық орталығы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының кезекті маусымын қорытындылады
Лисаков қаласының Жастар ресурстық орталығы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының кезекті маусымын қорытындылады. Үш айдың ішінде 14 пен 35 жас аралығындағы тоқсан жас қаланың тазалығы мен көркейту жұмыстарына атсалысты. Биыл жоба аясында жұмыстардың ауқымы кеңейді. Экологиялық бастамаға алғаш рет Октябрьский кентінің жастары қосылды.



