Қостанайда Invictus фитнес-клубы мен халықаралық Holiday Inn қонақүйі бой көтереді
Қостанайда Invictus фитнес-клубы мен халықаралық Holiday Inn қонақүйі бой көтереді. Ауқымды екі жоба Триатлон саябағы аумағында орналасады. Шаһар тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған аймақта абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Ал Қостанайда ауданында салынып жатқан Эко-паркте тіршілік қызу. Бүгін жүзеге асып жатқан жобалармен облыс әкімі Құмар Ақсақалов танысты.



