Өткен жылмен салыстырғанда тұтынушыларды алдау деректері тіпті көбейіп келеді
Қостанайдағы супермаркеттердің бірінде шоколадтың сөредегі бағасы 445 теңге болғанымен, кассада алушыдан 460 теңге ұстаған. Нәтижесінде сауда орны небәрі 15 теңге айырмашылық үшін 140 мың теңгеден астам айыппұл арқалады. Өткен жылмен салыстырғанда тұтынушыларды алдау деректері тіпті көбейіп келеді. Жыл басынан бері қанша кәсіпкер жазаланды және сауда орындарындағы бұл заңсыздықтан қалай қорғануға болады?



