Сәуір айында Қостанайды шулатқан полиция қызметкерін соққыға жығу дерегі бойынша тергеу аяқталды
Сәуір айында Қостанайды шулатқан полиция қызметкерін соққыға жығу дерегі бойынша тергеу аяқталды. Төрт жарым айға созылған тексерістен кейін, іс материалдары сотқа жолданды. Үш күдіктіні енді 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.



