Жаңа оқу жылы қарсаңында Қостанайда 1300-ден астам оқушыға қаржылай көмек көрсетілді
Жаңа оқу жылы қарсаңында Қостанайда 1300-ден астам оқушыға қаржылай көмек көрсетілді. Бұл – «Мектепке жол» акциясы аясында жүзеге асқан игі шаралардың бірі.Алайда мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау барлық баланы қамтуға әрдайым жеткілікті емес. Сондықтан жыл сайын қайырымдылық шарасына кәсіпкерлер мен меценаттар, ұстаздар және қол ұшын беруге ниетті азаматтар белсенді атсалысады.



